«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI Кодексі (2026.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

1) жаңа заңды тұлға құру арқылы дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп қайта өңдеу өндірістерін құру;

2) жұмыс істеп тұрған өндіру өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау;

3) жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау;

4) өндірілетін көмірсутектерді қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы қайта өңдеу кәсіпорындарына (өндірістеріне) шарттық талаптармен беру;

5) жаңа заңды тұлға құру арқылы өзі дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп өзге инвестициялық жобаны немесе өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған жобаны іске асыру.

Осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттемелердің бірі жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген көмірсутектерді экспорттау басталған күннен бастап күнтізбелік жиырма жыл өткеннен кейін қолданылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді қабылдаудан басқа, аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа елу және одан көп пайыз мөлшерінде үлестік қатысуы өндіру кезеңін бекіту шарты болып табылады. Бұл ретте көмірсутектер саласындағы ұлттық компания өндіру кезеңіне өту туралы өтініш берілген күнгі жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу деректеріне сәйкес барлауға жұмсалған шығындар үлесін көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның пайдасына берілетін үлеске пропорционалды түрде жер қойнауын пайдаланушыға өтеуге міндетті. Шығындарды өтеу тәртібі мен шарттары тараптардың келісімімен айқындалады. Мұндай келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, көрсетілген шығындар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттағы үлес көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның пайдасына берілген күннен бастап алты ай ішінде өтелуге тиіс. Өндіру кезеңі бекітілгеннен кейін жұмсалған шығындар жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттағы үлестеріне пропорционалды түрде бөлінеді.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша өндіру учаскесі мен кезеңін бекіту туралы өтінішті барлау кезеңі ішінде береді.

Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша өндіру кезеңін бекіту туралы өтінішті дайындық кезеңі ішінде береді.

Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне өту туралы өтініш барлау кезеңі өткенге дейін берілуге тиіс.

Егер құзыретті органның өтінішті қарауы кезеңінде өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі бойынша барлау кезеңі немесе дайындық кезеңі аяқталса, онда келісімшарт осындай жер қойнауы учаскесіне қатысты - өтінішті қарау кезеңінде, ал осы баптың 12-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда осы баптың 15 - 18-тармақтарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру кезеңінде қосымша қолданылуын жалғастырады. Бұл ретте осындай жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Өндіру учаскесі мен кезеңін немесе күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша тек қана өндіру кезеңін бекіту туралы өтініште:

1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы;

2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;

3) өндіру учаскесіне (учаскелерін ) нұсқау;

4) өндіру кезеңінің (кезеңдерінің) ұзақтығы қамтылуға тиіс.

10. Өтінішке қосымша:

1) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, учаскені (учаскелерді) және өндіру кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітуді көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру қоса беріледі. Бұл ретте өндіру учаскесін (учаскелерін) бекіту мақсатында келісімшартқа толықтыруда осы Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымша қамтылуға тиіс;

119-баптың 10-тармағының 2) тармақшасындағы 2030 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 12-тармағының редакциясында қолданылады

2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу бойынша есеп (есептер);

3) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын әзірлеу жобасы қоса беріледі.

11. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган мынадай шешімдердің бірін:

1) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өндіру учаскесін және кезеңін немесе тек қана өндіру кезеңін бекіту туралы шешімді;

2) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайда осы бапта көзделген мерзімде және тәртіппен жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздер жүргізу туралы шешімді;

3) өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуден бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

13. Құзыретті орган:

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес болмаса;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болса, өндіру учаскесін және кезеңін немесе күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша өндіру кезеңін бекітуден бас тартады.

Құзыретті органның өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны тиісінше барлау кезеңі немесе дайындық кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14. Осы баптың 12-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда құзыретті орган өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш иесімен күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді.

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15. Осы баптың 12-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда құзыретті орган осындай шешім қабылданған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде жер қойнауын пайдаланушымен осы баптың 7-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттары мен тәртібін айқындау бойынша келіссөздер жүргізеді.

Осы баптың 7-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы мен көмірсутектер саласындағы ұлттық компания осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттағы немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттағы үлесті беру шарттарын келісуге тиіс.

16. Келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзыретті орган бес жұмыс күні ішінде:

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін, сондай-ақ осы баптың 7-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттары мен тәртібін бекітуді көздейтін, күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыруды жасау туралы;

2) келісімшартқа толықтыру жасасудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды және бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны хабардар етеді.

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 17-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17. Осы баптың 16-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде құзыретті органға өз тарапынан қол қойылған өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуді, сондай-ақ осы баптың 7-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттары мен тәртібін көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруды жібереді. Бұл ретте, өндіру учаскесін бекіту мақсатында осы Кодекстің 110-бабына сәйкес келісімшартқа толықтыру өндіру учаскесін белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтуға тиіс.

Осы баптың 7-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа көмірсутектер саласындағы ұлттық компания да қол қоюға тиіс.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 18-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18. Құзыретті орган күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыруды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде мұндай толықтыруға қол қояды және жер қойнауын пайдаланушыға оның қол қойылған бір данасын жібереді.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 18-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18-1. Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесі бойынша барлауға және өндіруге келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне өту туралы өтініш құзыретті органға барлау кезеңі ішінде беріледі, онда мыналар қамтылуға тиіс:

1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы;

2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;

3) өндіру учаскесіне (учаскелеріне) нұсқама.

Өтінішке жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, өндіру учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілейтін келісімшартқа толықтыру жобасы және жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған өндіру учаскесіндегі (учаскелеріндегі) геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есептің көшірмесі қоса беріледі. Егер кен орны ірі кен орындары санатына жатпаса, толықтыру жобасында ұзақтығы жиырма бес жыл болатын өндіру кезеңінің белгіленуі де көзделуге тиіс.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 18-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18-2. Егер өтініш осы баптың 18-1-тармағына сәйкес, барлау нәтижелері бойынша оның күрделі жобаның қандай да бір өлшемшарттарына сәйкестігі туралы растау алынбаған жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша берілсе, өндіру кезеңіне жататын келісімшарт талаптары осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 4) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес белгіленетін өндіруге арналған үлгілік келісімшарт талаптарына сәйкес келтірілуге тиіс, ал күрделі жобаға жатпайтын өндіру учаскесі бөліп шығарылған жағдайда, мұндай учаскеге қатысты осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 4) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес айқындалған шарттарда өндіруге арналған келісімшарт жасалады.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 18-3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18-3. Егер өндіру кезеңіне өту туралы өтініш барлау нәтижелері бойынша оның күрделі жобаның өлшемшарттарына сәйкестігі туралы растау алынған жер қойнауы учаскесіне қатысты, осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген үлгілік келісімшарт нысаны бойынша жасалған барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша берілсе, өндіру кезеңіне жататын осындай келісімшарттың талаптары осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленетін шарттарға сәйкес келтірілуге жатады, ал күрделі жоба болып табылатын өндіру учаскесі бөліп шығарылған жағдайларда, мұндай жер қойнауы учаскесіне қатысты осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған шарттарда өндіруге арналған келісімшарт жасалады.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 18-4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18-4. Осы баптың 18-1, 18-2 және 18-3-тармақтарына сәйкес берілетін өндіру кезеңіне өту туралы өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Құзыретті орган өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы баптың 18-2 және 18-3-тармақтарының ережелерін ескере отырып, тиісті жер қойнауы учаскесіне қатысты келісімшартқа толықтыруға қол қояды немесе өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне өтуден бас тартады.

Құзыретті органның өндіру кезеңіне өтуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңі ішінде қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.

19. Осы баптың 16-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының табуға және бағалауға жұмсалған шығындарын өтетуге құқығы бар.

Мұндай өтеуді жаңа жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми статистикалық ақпаратының негізінде айқындалатын инфляцияны ескере отырып, тиісті шығындардың толық сомасын бір уақытта төлеу тәртібімен жүзеге асырады.

Мұндай шығындарды өтеу мерзімін құзыретті орган белгілейді және жаңа жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт жасасқан күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.

Жаңа жер қойнауын пайдаланушы өзі өтейтін шығындардың аудитін жүргізуге құқылы. Өтелетін шығындардың мөлшері туралы жаңа және бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы арасында дау туындаған жағдайда, мұндай дау сот тәртібімен шешілуге тиіс.

 

120-бап. Көмірсутектерді өндіру кезеңін ұзарту

1. Өндіру кезеңін құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатарынан келетін жиырма бес жылға дейінгі кезеңге ұзартады.

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Өндіру кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға ұзартылатын өндіру кезеңі аяқталардан кемінде бір ай бұрын, ал осы баптың 5-тармағында көрсетілген кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей береді.

3. Өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініште:

1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы;

2) көмірсутекті барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;

3) өндіру кезеңін ұзарту сұралатын жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) нұсқау;

4) өндіру кезеңін ұзарту сұралатын мерзім қамтылуға тиіс.

4. Өтінішке қосымша:

1) 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған өндіру кезеңінің сұралатын ұзарту мерзімі ішінде кен орнын әзірлеуді көздейтін кен орнын әзірлеудің жобасы қоса беріледі.

5. Егер есептеу бойынша есеп осы Кодексте көзделген жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорлары жүз миллион тонна мұнай немесе елу миллиард текше метр табиғи газ мәнінен асатын болса, өндіру кезеңін ұзарту кезіндегі келісімшарттың ережелері осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің бірімен толықтырылуға тиіс.

Егер мұндай кен орнына қатысты жер қойнауын пайдалану құқығы басқа тұлғаға берілсе, онда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің бірі қосылады.

6. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап - екі ай ішінде, ал осы баптың 5-тармағында көрсетілген кен орындары бойынша жиырма төрт ай ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе мұндай ұзартудан бас тартады.

7. Құзыретті орган:

1) егер өтініш осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімнен кеш берілсе;

2) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес болмаса;

3) егер кен орнын әзірлеу жобасында өтініште сұралатын мерзімнен аз мерзімде әзірлеу көзделсе;

4) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болса;

2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) құзыретті органның келісімшартты ұзартуға ниеті болмаған, оның ішінде, жер қойнауын пайдаланушының қосылған құны жоғары өнім (неғұрлым жоғары қайта жасалған және қайта өңделген) өндіруді көздейтін өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемені не осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделгендерді қоса алғанда, өзге де инвестициялық міндеттемелерді қабылдауы жөнінде онымен келісімге келмеген жағдайда, өндіру кезеңін ұзартудан бас тартады.

Осы тармақтың 1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, құзыретті органның өндіру кезеңін ұзартудан бас тартуы өтініш иесін қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

8. Өндіру кезеңін ұзарту өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша ғана жүргізіледі.

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Егер келісімшарт құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес келсе, өндіру кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өндіру кезеңін ұзартуды көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру жасалады.

10. Егер келісімшарт құзыретті орган бекітетін көмірсутекті барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келмесе, өндіру кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде көмірсутектерді өндіруге үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасалады.

11. Егер келісімшарт шеңберінде көмірсутектерді өндіру кезеңі кемінде жиырма жыл мерзімге белгіленсе, онда өндіру кезеңі ұзартылған кезде келісімшарт талаптары Қазақстан Республикасының осындай ұзарту күніне қолданыста болатын заңнамасына сәйкес келтірілуге тиіс.

 

 

18-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру шарттары

 

121-бап. Көмірсутектерді барлаудың және өндірудің жалпы шарттары

1. Коллектор-жыныста және өткізбейтін жыныстар жапқыштарында түзілген тұтқыштағы көмірсутектердің табиғи оқшау жинақталуын қамтитын жер қойнауының бір бөлігі көмірсутектер жатыны деп танылады.

2. Есептеу бойынша есеп осы Кодексте көзделген жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған бірыңғай құрылымдық элементпен бақыланатын және жергілікті бір алаңда орналасқан, бір немесе бірнеше тұтқыштарға жататын кенжатын немесе кенжатындар жиынтығы көмірсутектер кен орны деп танылады.

3. Ұңғымадан көмірсутектердің ағымын құжатпен растау арқылы алу, оның ішінде қабатты сынағышпен сынамалау жүргізген кезде және (немесе) мұнай-газдың мол болуына коллектор-жынысты зертханалық зерттеу кезінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде растаған жаңа кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) ашылуы табу болып табылады.

4. Көмірсутектер кенжатындарын іздеустірмен және бағалаумен байланысты, олардың сынамалап пайдаланылуын қоса алғандағы жұмыстар кешені көмірсутектерді барлау деп танылады.

5. Көмірсутектер кенжатындарын табу, олардың болжамдық ресурстарын айқындау, алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау және одан арғы геологиялық барлау жұмыстарын негіздеу мақсатында жүргізілетін жұмыстар іздестіру жұмыстары деп танылады.

6. Табылған кенжатынды контурлау және бағалау, өнеркәсіптік санаттар бойынша қорларды есептеу және оларды өнеркәсіптік әзірлеуге тарту орындылығын бағалау мақсатында жүргізілетін жұмыстар бағалау жұмыстары деп танылады.

7. Қабаттар мен кенжатынның, кен орнын әзірлеу жобасын жасау үшін ұңғымаларды кешенді геологиялық-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеудің геологиялық-кәсіпшілік сипаты туралы қолда бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу мақсатында жүргізілетін жұмыстар сынамалап пайдалану деп танылады. Сынамалап пайдалану ұңғымалар мен көмірсутектерді өндіруді зерттеу мақсаттарында уақытша пайдалануды көздейді.

8. Жер қойнауынан көмірсутектерді жердің бетіне шығарумен байланысты жұмыстар кешені көмірсутектерді өндіру деп танылады.

9. Көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауының жекелеген учаскелерін пайдалану ұлттық қауіпсіздікті, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.

2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Елді мекендердің, қала маңындағы аймақтардың, өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінің аумақтарында көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану адамның өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіруі, экологиялық залал немесе шаруашылық объектілеріне залал келтіруі мүмкін болған жағдайда, мұндай пайдалануға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.

11. Сынамалап пайдалануды қоса алғанда, іздестіру және бағалау жұмыстарын, сондай-ақ көмірсутектер кен орындарын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларында белгіленеді.

12. Көмірсутектерді өткізуге арналған көлік шығыстары мен шығындарды шегергенде, жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде мәміле жасау күніне қалыптасқан қолданатын бағадан аспайтын баға бойынша, көмірсутектерді сатып алуға басқа тұлғалар алдында Қазақстан Республикасының басым құқығы болады.

Жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде қолданатын көмірсутектер бағасы туралы ақпарат болмаған жағдайда, көмірсутектерді өткізуге арналған көлік шығыстары мен шығындарды шегергенде, көмірсутектерді мемлекеттің сатып алуы бойынша мәміле жасалған күнге әлемдік нарықта қалыптасқан бағадан аспайтын баға қолданылады.

Сатып алынатын көмірсутектердің шекті көлемі және төлем түрі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалады.

13. Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14. Осы Кодексте тыйым салынбаған, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) ауыртпалық салу, сондай-ақ көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салу жер қойнауын пайдаланушының немесе ауыртпалық салуға жататын акциялар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) иесінің өтініші бойынша құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.